Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту барысында Жамбыл облыстық туризм басқармасы, «ҰК АстанаЭКСПО-2017» АҚ-ның өкілдері мен Жамбыл облысының білім басқармасы үшжақты меморандум жасасты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Қазақстанның туристік қауымдастығының президенті, «ҰК Астана ЭКСПО-2017» АҚ-ның кеңесшісі Роза Асанбаеваның айтуы бойынша, ЭКСПО көрмесіне келушілердің нәтижесі күткендегіден асып түсті. Егер бес жыл бұрын көрмеге дейінгі шығу туризмінің өсуі 6% құраса, онда бір жыл ішінде, дәлірек айтқанда, үш ай ішінде ЭКСПО өткізуден соң 18% дейін көтерілді, ішкі туризм 24%-ға дейін өсті, яғни көрмені әрбір төртінші қазақстандық көрді. Бүгін мемлекетте ЭКСПО-ның мұрасын пайдалану көзделіп отыр, яғни оның теңдесі жоқ құрылысы «Нұр Әлем» сферасы болашақ энергиясының мұражайы ретінде. Атап айтқанда, балалар мен жастардың ЭКСПО-ға баруы балалар мен жасөспірімдер туризмі аясында жүзеге асырылады.
Кездесу барысында «Kids Future Energy» және «Students Future Energy» атты ашық сабақтарын өткізілді. Іс – шара барысында жұлдызды экскурсияларды қоса, бірқатар басқа жобалар жарияланды.
«Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бүгінгі басты бағыттардың бірі» — деді туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.