Таразда келер жылы «Даңқ» залы бой көтереді

0 5

Жеңіс саябағында «Даңқ» залы деп аталатын жаңа ғимарат бір жылдың ішінде қолданысқа берілмек, —   деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 77news.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жақында ғана Бауыржан Момышұлы ескерткіші Жеңіс саябағына көшіріліп, «Ерлік» мемориалды кешенінің ажарын ашқан еді. Енді «Даңқ» залы да осы аумаққа салынып, көпшілік көзайымына айналатын болды. Мамандардың айтуынша, құрылысқа қажет қаржы қамтылып та қойған. Қазір жобалық сметасы дайындалу үстінде.

Екі қабатты еңселі ғимараттың бірінші қабаты — әкімшілік кеңселерге берілсе, екінші қабат «Бауыржантану» орталығы болып құрылатын болды. Мұнда тек экспонаттар ғана емес, ғылыми-зерттеу орталығы, оқушылардың оқу ісімен айналысатын арнайы бөлмесі де болады. Ұзындығы 52 метр болатын үлкен ғимарат, шаһарымыздың сәніне айналады деп жоспарлануда. Құрылысы биыл басталса, 2019 жылдың 9 мамырында қолданысқа беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.