Таразда қала әкімдігінің жетекшілігімен мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Qoljetimdi qyzmet» атты жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шара Төле би көшесінің бойында орналасқан «Дос-Нар» сауда үйінің алдында өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жәрмеңкеге облыстағы барлық мекеме қызметкерлері шақырылды. Атап айтар болсақ, коммуналдық мекеме өкілдері, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы мекемесінің лауазымды адамдары, дәрігерлер, білім беру басқармасының қызметкерлері қатысты. Шараға келген қала тұрғындары кез келген сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.
Сондай-ақ, науқан барысында 300-ден астам адам көмек алды. Олардың арасында тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету мәселесі, жұмыспен қамту сондай-ақ, азаматтық некеге тұру бойынша тұрғындарға нақты ақпарат беріліп, көмек көрсетілді.
Ескеретін жайт, аталған жәрмеңке барысында шешілген мәселелер тізімі толық қамтылды деп айтуға болмас. Дегенмен, тұрғындар науқан әлі де өз жалғасын табады деген сенімде.