Жамбыл облысында тәулігіне 80 тонна сүт өңдеуге қауқарлы кәсіпорын жаңғыртудан өтіп, қайта іске қосылды

0 3

Облыс орталығы Тараз қаласында тәулігіне 80 тонна сүт өңдеуге қауқарлы кәсіпорын іске қосылды. Бүгінгі таңда  кәсіпорын 40-тан астам сүт өнімдерінің түрлерін шығарады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сүт өнімдерін шығарумен айналысатын  «Көкжиек-2030» ЖШС-і 2007 жылы құрылған болатын. Ағымдағы жылы қайта кеңейтіліп, модернизацияланды. Кәсіпорынға италияның «FRAU IMPLANTI» компаниясының жаңа үлгідегі автоматтандырылған желілі құрал-жабдықтары қойылды. Нәтижесінде өндірістің қуаттылығы артқан.  Жоба құны – 1,6  млрд. теңгені құрайды.

— Елбасының Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту, шикізатты өңдеуге басымдық берілген. Біз осыған бет бұрып келеміз. Қазір цехтарымызда цифрлы технологияны енгіздік. Өндімдеріміз экспортқа бағытталған,-дейді кәсіпорын басшысы Әбдіғали Бегімбетов.

Бүгінгі таңда кәсіпорында  сүттен бастап сары май, ірімшік, құрғақ сүт, барлығы  40 түрлі өнім шығарылады. 47 адам еңбекке тартылған.

— Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен экспортқа шығару жайын үздіксіз айтып келеді. Әсіресе, ет пен сүт өнімдерін өңдеуге баса назар аударуда.  Бұл бағытта аймақта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі ашылып отырған «Көкжиек» соның бір дәлелі. Мереке қарсаңында іске қосылған зауыт қызметкерлеріне сәттілік тілеймін!, — деді облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев.

Зауытқа қойылған жаңа құрылғылар, кәсіпорын қуаттылығын жылына 25 мың тонна сүт өңдеуге  дейін ұлғайтуға жол ашты.

Бүгінгі таңда аймақта өңдеуші 158 кәсіпорын бар. Олар бүгінге дейін 972 млн. теңгенің өнімін өндірген.  Ал сүт кәсіпорындарының саны -18.  Биылғы жылы олар 972 тоннадай сүт өндірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.