Жамбыл облысы лагерьлері Арыстық балаларды қабылдауда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Арыстық 100 бала Жамбыл облысындағы лагерьлерде демалуға келді.
50 бала Меркі ауданындағы «Жұлдыз» лагерінде, 20 бала «Тау Самалы» лагерінде, 10 бала Байзақ ауданындағы «Бәйтерек» лагерінде сауықтырылса, қалаған 20 бала «КазФосфат» зауытының «Жұлдыз» лагерінде тынығатын болады.
Сауықтыру лагерьлерінде балалардың демалуына барлық жағдай жасалған. Лагерь аумағында балалардың емін-еркін ойнауына арналған арнайы алаңдар, бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Демалушы балалар үшін лагерьде әртүрлі үйірмелер жұмыс жасайды.