Жамбыл ауданында Абай атындағы оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

0 9

Жамбыл ауданында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды анықтау мақсатында өткізілген байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 17-29 жас аралығындағы 9 үміткер қатысты.
Үміткерлер қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан және Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқыды.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес бас жүлдені Тараз қаласынан Нұрланов Ерлан жеңіп алып, І орынды Т.Рысқұлов ауданынан Әмреев Жәнібек, ІІ орынды Жуалы ауданынан Қалымбек Ақерке, ІІІ орынды Шу ауданынан Мақаш Малика иеленді. Жеңімпаздар облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының дипломдарымен, Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.