Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов Жамбыл жастарымен жүздесті

0 6

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бүгін жастармен жүздесіп, жарқын сұхбат құрды. Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінде өткен кездесу «Бәсекеге қабілетті жастар – еліміздің іргетасы» тақырыбына негізделді. Еркін форматта өрбіген шараға аталмыш оқу ордасының студенттері қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметтіне сілтеме жасап.

Асқар Исабекұлына көкейдегі қызықты сауалдарын жолдаған жастар толымды жауаптар ала білді. Қатысушылар негізінен өңірдің өркендеуі, білім саласындағы өзгерістер, жастар жылына қатысты атқарылар шаралардың барысы, ерікті жастар, ел болашағы туралы ойларын ортаға салып бақты.

Өңір басшысы өз сөзінде жастар тәрбиесі, қоғамдағы өзекті жайттарға қатысты тағылымды дүниелерге тоқталып, әр сауалдың жауабымен астастырып облыстағы оң бастамалар мен игі істерді де тілге тиек етіп отырды. Жалынды жастарды тарихты танып, өткенді құрметтеуге, ата-баба дәстүрін ұлықтап, солардан дарыған тектілік қасиеттерді жаңғыртуға, еліміздің ертеңгі ұстынына айналу үшін білім дариясына барынша бойлауға шақырды. Сондай-ақ, қайырымдылық шаралары мен табиғатты аялауда аянбаудың маңыздылығын атап өтті.

Белсенді жастар облыс әкімінің өнегелі өткен өмірі, бос уақытын неге арнайтындығы, қандай кітаптарды сүйіп оқитының сұрап, жұмыс барысындағы ұстанымы хақында әңгімелеп беруін өтінді. Асқар Исабекұлы барлық сұрақтарға нақты әрі ашық жауап беріп, студенттерге білім жолында да, өмір жолында да сәттілік тіледі. Соңыра әкіммен естелік суретке түскен жастар әдемі әсерге бөленіп тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.