Халық қамын ойлаған Президент – бізбен бірге!

0 4

Қасым-Жомарт Тоқаевтың  кешегі мәлімдемесі соның дәлелі! Еліміздің басынан кешіп жатқан осындай сын сағатта мемлекет басшысы Қазақстан халқына аса қажет қолдау көрсетіп , батыл, тағдыршешті қадамға барды!  Дүниежүзілік короновирус пандемиясына қарсы елімізде экономикалық дағдарысқа қарсы жаңа шараларды жария етті.

Соған байланысты Үкіметке, тиісті республикалық органдарға нақты міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.  Мемлекеттік әлеуметтік көмек, зейнетақылар инфляцияны ескеріп 10 процентке индексацияланатын болды.  Төтенше жағдай аяқталғанша  уақытша жұмыс істемейтіндермен қатар, ресми жұмыссыздар- «өзін өзі қамтығандарда» тіркеуге тұрып 42500 теңге көлемінде көмек ала алады, барша көмекке мұқтаж жандарды қосқанда 3 миллионға жуық қазақстандықтарға көмек көрсетіледі.
800 мыңға жуық әлеуеті төмен, мүмкіндігі шектеулі топтарға, жұмыссыздарға ақысыз азық-түлік, тұрмыстық пакеттер таратылатын болады.

Қазақстан фермерлеріне көктемгі егін егу, дала жұмыстарына  Агрокредиттік корпорация арқылы бюджеттен 70 млрд теңге бөлінбек.  Оларға сатылатын  жанар-жағар майдың  арзандатуын тапсырды.

Қомақты жеңілдіктер шағын және  орта бизнеске көрсетілетін болады.          Бүгінгі күннің батырлары-дәрігерлерге үш ай бойы қомақты үстемақы төленетін болады.    Төтенше жағдай кезінде қызмет жасап жатқан әскери, полиция қызметкерлері де мемлекет қамқорында екенін білеміз.

Тоқ етерін айтқанда, Президентіміздің  кешегі МӘЛІМДЕМЕСІ  еңсемізді көтеріп, рухымызды асқақтатты, әрқайссымызға зор сенім ұялатты десем, қателеспейтін шығармын!

Халық қамын ойлаған ТОҚАЕВпен БІРГЕМІЗ!   Алға Қазақстан!

 

Қасымхан Төлендиев,

«Жаңару» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.