31 наурыз күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мәлімдемесін барша қазақстандықтар тікелей эфирден көрді. Осы қиын кезеңде халық алдына шығып, сөз сөйлеген Президент Үкімет алдына нақты тапсырмалар беріп, көпшілікті сабырлыққа шақырды. Әлемге таралған қауіпті кеселге қарсы тұру үшін көптеген шектеу шаралары қолданып отырғаны белгілі. Осының барлығы ел амандығы үшін атқарылып жатқан жұмыстар екенін қордайлықтар жақсы түсінеді. Мұның барлығы уақытша шара екенін ұмытпағанымыз абзал. Ал, мемлекет тарапынан жасалатын қолдау азаматтарымыздың ертеңгі күнге дегені сенімін нығайта түсуіне себеп болып отыр.
Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы экономикалық дағдарысқа қарсы шаралар қабылданып, табысынан айырылған әр азамат қолдаусыз қалмайтынын баса айтты. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін де бұрын-сонды болмаған шаралар қолға алынбақ. Көп балалы және көмекке мұқтаж отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жұмыссыздар, ешкім көмексіз қалмайды. Президенттің айтуынша жалпы 3 миллионға жуық азаматқа қолдау көрсетіледі. Бұл әрине, осы бір қиын жаңдайда тамаша мүмкіндік пен қолдау.
Басты байлық – деннің саулығы. Қоғамызда «еңбектеген баладан еңкейген қартқа» дейінгі отандастарымыздың дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Медициналық тексеру, сырқаттанудың алдын алу, «салауатты өмір салтын қалыптастыр, дәрігерлік кеңес беру жүйелі жолға қойылған. Бірақ, өмір болған соң әр түрлі жағдай орын алады. Бүгіндегі орын алып жатқан оқиға соның бір дәлелі. Енді біздің міндетіміз – биліктің айтқанына бойсынып, шыдамдылық таныту. Біз тек бірігіп қана бар қиындықты еңсереміз.
Р. Қожамқұлова, көп балалы ана
Қордай ауданы