Көпбалалы аналар Мемлекет басшысының қамқорлығында

0 3

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев короновирусқа қатысты мәлімдеме жасады. Президент «Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт.
Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз»,-дей келе ақхалатты абзал жандар еңбегін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы зейнетақыдан бастап, жұмыссыздарға дейін барлығының ахуалын назардан тыс қалдырмай, көмек пен жәрдем көрсету үшін тиісті тапсырмалар берді.
Енді мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінбек.Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсетіліп, осы көмекті алатын азаматтардың санаты кеңейтілмек.

Мен, Мемлекет басшысының аса қамқорлықпен жасаған мәлімдемесін жылы қабылдадым. Өзім 6 баланың анасымын. Бұған дейін де көпбалалы аналар қамқорлықтан кенде болмағанбыз. Осы уақытқа дейін атаулы әлеуметтік көмек алып келемін. Бұл әрі қарай жалғасатынын есітіп, мынадай қиын-қыстау шақтағы көмекке көпбалалы аналар дән ризамыз.

Бірлікпен тірлік етіп, қолдан келгенше бетперде тігіп болса да көмек қолымызды созып, Мемлекет басшысының қамқорлығы мен сенімін ақтауға тырысамыз.

 

Нұрсая Есжанова,

Сарысу ауданы, көпбалалы ана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.