Қаладағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында, Қайрат Рысқұлбеков саябағында, «Көне-Тараз» тарихи-этномəдени кешенінде дезинфекция жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Аталған іс-шараға 20 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, 5-6 шілде күндері аталған орындарда тағы да дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Үйде болуларыңызды сұраймыз.