Мойынқұм ауданында инфекцияның екінші толқынына әзірлік жұмыстары өз деңгейінде

0 7

Мойынқұм ауданында инфекцияның екінші толқынына әзірлік жұмыстары өз деңгейінде, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

— Мойынқұм ауданында инфекцияның екінші толқынына әзірлік жұмыстары бәсеңдеген жоқ. Бүгінде аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінен 50 инфекциялық төсек ашуға мүмкіндік бар. Оның ішінде 5 реанимациялық төсек, 1 палата реанимацияциялық жабдықтармен жабдықталған. 18 дәрігер, 36 орта буынды медицина қызметкерлері, 36 кіші буынды қызметкерлер тізімі даярланып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылды, — дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.

Аудан бойынша 5 мобильды топ құрылған, барлық топ медицина қызметкерлері мен санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілген. Дәрі- дәрмек (антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар, ыстық түсіретін т.б.), медициналық бұйымдар (1 реттік костюм, бетперде, қолғап, көп реттік костюмдер, дез. сұйықтықтар) 2 айға жеткілікті қоры бар және алдағы уақытта сұраныс арқылы тағыда жеткізілмек.

Мойынқұм аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында коронавирустық инфекцияның ошағында жұмыс атқаратын 4 маман бар. Олар бір реттік костюмнен, 4 қабатты бетпердемен, бір реттік резина қолғаппен қамтылған. Қосымша 35 л антисептик дайындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.