Бүгін 28 ақпан күні қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды. Мерейлі датаға орай Мойынқұм ауданы орталығындағы Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы алдындағы ескерткішке және Жамбыл ауылындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Жыраудың рухына тағзым ету үшін ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды. Ақынның есімімен аталған Жамбыл ауылындағы орталық алаңда ауыл халқына арнап аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді.