Жамбыл ауданында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жиыны өтті

0 7

Жамбыл ауданында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Шара барысында іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау, су тасқынының, өрт салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу жайы пысықталды, — деп жазады «Zhambylnews» AA

Дайындық шарасына аудан әкімі Сәкен Арубаев пен әкімдік өкілдері арнайы қатысты. Оқу-жаттығуда электр, газ, жылу жүйелері, су құбырлары және канализациялық жүйелер бойынша авариялық-құтқару командасы, өрт сөндіру, медициналық қызмет, «Жамбыл-Жылу» МКК-нің Аса бөлімшесі, \ бірнеше авариялық-құтқару командалары, азық-түлік, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету тобы, байланыс командасының мүшелері сап түзеді. Басшылық құрам әуелі командалық-штабтың құрамымен, жұмыс бағытымен танысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Командалық-штабтың дайындығын оң бағалады.

Оқу-жаттығу жұмысы Тастөбе ауылында жалғасын тапты. Онда құтқарушылар төтенше жағдайды жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша іс-әрекеттерді, су тасқынына қарсы іс-шараларды пысықтауға арналған тактикалық жаттығулар өткізді. Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дайындықтарын пысықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.