Жазылбек Қуанышбаевтың туған күніне арналған іс шаралар Бірлік ауылында жалғасты

0 11

Мойынқұм ауданында «Дала академигі» атанған Жазылбек Қуанышбаевтың туған күніне арналған іс шаралар легі Бірлік ауылында да жалғасты. Мұнда да гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жиында әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов көпшілікті құттықтады. Сондай-ақ Жазылбек Қуанышбаевтың көзін көрген ауыл ақсақалы, Еңбек ардагері Асан Асанов және Жазылбек Қуанышбаевтың бастамасын қолдап, комсомол жастар бригадасының жетекшісі болған Анаркүл Шынбалаевалар сөз алып, Жаз-Ата жайында естеліктерімен бөлісті.

Содан соң Бірлік ауылдық клубында мәдениет үйінің әншілері жырдан шашу шашаса, ұстаздардан құрылған «Бірлік бұлбұлдары» ансамбілі «Жазылбекшілер маршы», «Хантауым» әндерін нақышына келтіріп орындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.