Жамбыл ауданының әкімі көктемгі дала жұмыстарының барысын көрді

0 20

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев сала басшыларымен бірге көктемгі дала жұмыстарының өту барысымен қарап шықты. Жұмысшы тобы алдымен асалық шаруа қожалықтардың егістік алқаптарын аралап, дихандармен тілдесті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінде шаруа қожалықтарына тиесілі егіс алқаптарында қызу тірлік. Бірі күзде көтерілген сүдігерге дән сеуіп үлгерсе, енді бірі дала жұмыстарын аяқтап та үлгерген. Бау-бақша дақылдарын орналастыру да өз межесімен жүзеге асырылуда.

Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшынбетовтың айтуынша, мұнда 120 гектарға пияз, 70 гектарға арпа, 40 гектарға картоп орналастыруда. Шаруа қожалықтар алдағы күндері толықтай аяқтайтын көрінеді. Аудан басшысы Сәкен Қаланұлы олармен емен-жарқын сөйлесіп, қандай қажеттілік, нендей қиыншылықтар бар екендігін сұрады. Дихандар судан тапшылық көрмесек екен деген тілегін жеткізді. Бұл сауалға аудан басшысы биыл Теріс-Ащыбұлақтағы су қоры өткен жылдан екі есе көп. Қолдан келген мүмкіндіктердің бәрін қарастыратындығын жеткізді.

Мұнан соң Сәкен Қаланұлы қаракемерліктердің 90 гектарға жаңбырлатып суару әдісін пайдалана отырып, қант қызылшасын егіп жатқан алқапқа барды. Мұнда да қызу жұмыс. Су үнемдеу технологиясы арқылы өнім көлемінің ұлғаятынына көзі жеткен шаруалар бүгінде жаңа әдісті жатсынбай қолданысқа енгізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.