Бай тарихы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, жанға жайлы климаты, қайталанбас көркем табиғаты Жамбыл облысын тартымды туристік нысанға айналдыруда. Осыған орай Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Жаңатас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде, Тараз-Жаңатас автожолының бойында үлкен Ақтау тауының қос шатқалынан ағып шығатын «Ақтоғай» мен қаладан шыға берістегі «Ақбұлаққа» барып туризмді дамытуды қарастырды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Табиғаты ерекше, жасыл желекті айналасында жуан белді тал ағаштары жайқалып өсіп тұр. Әулие бұлақтың төменгі жағында алма ағаштары егілген.
Сол маңда үзілген сулардан құралған «тұйық қара су» деп аталатын су жиындығынан жиналған көлшік бар. Оның айналасында майда жіңішке қоғалар өсіп тұр.
Осындай табиғаты ерекше Сарысу ауданында туризмді дамытудың болашағы жоғары.