Тұрар Рысқұлов ауданында мониторингтік топ түсіндірме жұмысын жүргізді

0 1

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаев жетекшілігімен аудандық мониторингтік топ өкілдері «Наурыз», «Жекен», «Ақ босаға», «Жұмабек», «Bulgar» мейрамханаларында, «Корзинка», «Алтын сарай», «Қарагөз» және «Аяжан» сауда орталықтары және «Халыққа қызмет көрсету» орталықтарында санитарлық талаптардың орындалуы мен сақталуын зерделеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Түсіндірме жұмыстарының барысында топ өкілдері сақтық шараларын қатаң сақтау, оның ішінде ара қашықтықты сақтап, үнемі маскалық режиммен қызмет көрсетудің маңыздылығын атады.

Айта кетейік, Т.Рысқұлов ауданында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында құрылған мониторингтік топ мүшелері аудандағыорталығы мен ауылдық округтердегі объектілерді зерделеу жұмыстарын күшейтпек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.