Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. жауынгерлеріміз от пен оқтың ортасында толарсақтан қан кешсе, тыл еңбеккерлері де өз тарапынан Жеңіс күнін жақындату үшін уақытпен санаспай тер төкті. Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек осындай жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, Ұлы мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Осынау ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас балалар да ересектермен бірдей еңбек етті. Олардың қатарында Жұмаділда Үйсінбаев, Қатша Олжабаева, Айсара Джанабилова және ғасырдан астам ғұмыр кешкен Назымкүл Шакирова да бар.
Өз кезегінде ардагерлер аудан басшысына ыстық ықыласы мен жылы лебізіне өздерінің ризашылықтарын білдірді.