2022 жылдың 10 наурызынан бастап Жамбыл облысында «Мигрант»жедел- алдын алу іс–шарасы өткізілуде. 5 күн ішінде 357 шетелдік азамат анықталды ,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны, заңда белгіленген мерзімде кетуден жалтарғаны үшін 249 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР-да еңбек қызметін жұмысқа орналастыруға рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін шетелдіктерге 52 әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Қоғамдық орындарда тиісу дерегімен (қайыршылық, мазаны алу) 4 мигрант, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 29 жұмыс беруші, ал шетелдіктерді қабылдаушы тұлғалардың тіркеу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 162 азаматы жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 8 қылмыскерді ұстады.
«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы ағымдағы жылдың 17 наурызына дейін жалғасады.