Аймақта 383 медициналық алғашқы көмек көрсету нысаны жұмыс істейді

0 7

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы, Биологиялық қауіпсіздік туралы заң қабылданды. Пациенттердің құқықтарын қорғау және медицина қызметкерлерін сақтандыру, олардың мәртебесін арттыру бойынша заң жобасын қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен бірге, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар, Азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту Халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3 %-дан 2025 жылы 80 %-ға дейін арттыру мәселесі де қаралған.

Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету және жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту, кадрлық әлеуетті нығайту міндеттері де қойылған.

Бұл туралы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Ол былтыр Жамбыл облысында нәресте тууының оң динамикасы байқалғанын атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылы ана өлімі 2020 жылмен салыстырғанда 4 %-ға төмендеді.
«Біз үшін қызметтің ең басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғау болып қала береді. Мемлекет басшысы жариялаған бала жылында Денсаулық сақтау министрлігі құрсақішілік кезеңнен бастап балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірнеше бастаманы жүзеге асыруда. Қабылданып жатқан шаралар жүкті әйелдерді босануға дейінгі сапалы бақылаумен 80% — ға дейін, жаңа туған нәрестелерді скринингтермен қамтуды арттыруға ықпал ететін болады», — деп атап өтті А.Ғиният.
Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. 2022 жылы Жамбыл облысында 401 квота бөлінген.

-Жамбыл облысында 383 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісі жұмыс істейді, бұл республиканың барлық медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының 7%-ы. 2021 жылы министрлік елдегі денсаулық сақтау объектілеріне түгендеу жүргізді. Республика бойынша 2025 жылға қарай 500 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісінің құрылысы жоспарлануда. Оның 65-і Жамбыл облысына тиесілі екені белгілі.
Сондай – ақ, Онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде зерттеп-қарауды және емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» енгізілді, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация беріледі және зерттеп-қаралады. Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру үлесін денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-ына дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда, ол ағымдағы жылы 55%-ды құрады», — деді министр.
Еске сала кетейік, Ведомство басшысы қашықтықтан медицинаны дамытуға көп көңіл бөлініп жатқанын мәлімдеді. Тек өткен жылдың өзінде 6,5 млн. қашықтықтан қызмет, оның ішінде 1 млн. астам ауыл тұрғындарына көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.