Дін істері басқармасында Конституция күніне арналған жиын өтті

0 16

2023 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңында  Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы мен Дін проблемарын зерттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Ата Заңым — айбыным» тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты  жиын Қазақстан Респбликасының әнұранын орындаумен басталды. Ұйымдастырушылар тарпынан Казақстан Республикасы  Конституциясының хронологиялық  тарихы, Заң мен діннің  байланыстылығы және діни мәтіндегі зайырлық принциптері, Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтқаны, тәуелсіз еліміз ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білдіріп, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге қол жеткізгені туралы айтылды. Сонымен бірге, жиынға қатысушылар бірігіп, патриоттық әндерді орындады  («Қазақстаным», «Атамекен»).

Басқарма басшысы С.Мыңбаев жиынды «Біздің ортақ парызымыз – Негізгі заңды өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу» деген сөзімен түйіндеп,  аталған іс-шараға қатысушыларды  келе жатқан мерекемен құттықтай келе, профилактикалық  және діни экстремизм мен терроризмге қарсы-насихаттық жұмыстардың тиімділігін арттыру бағытында белсенді қызмет атқарған мамандарды алғыс хаттармен  марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.