Жамбыл облысында ауыл тұрғынынан 125 келіден астам марихуана тәркіленді

0 1

2019 жылдың 12 тамызындағы түнде «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданында Жаңа жол ауылының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Одан өзіне тән ерекше иісі бар, өсімдік тектес заты бар төрт қап табылып тәркіленді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 125 келі 800 грамм «кептірілмеген марихуана» есірткі заты болып табылады.

Айта кетейік, күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.