Аудан әкімі ардагерлерді құттықтады

0 34

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов Ұлы Отан соғысы ардагерлері Сүлейменов Асаубай, Мырзахметов Жахан, Құрбанов Игенбек аталарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап барды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Құттықтау шарасына аудандық ардагерлер ұйымы төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы Бижанов пен аудандық мәслихат хатшысы Тұрсынхан Есімқұлұлы Жаманбаев, әкімдік қызметкерлері қатысты.

Ардагерлерге ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың құттықтау сәлемдемесі, бір миллион көлеміндегі бір реттік төлем және сыйлықтар ұсынылды. Ардагерлер соғыс даласындағы сәттер мен өздері жүріп өткен майдан хикаяларынан естеліктер айтты.
Жахан Мырзахметов жауынгерлік жолының әр сәтін қаз қалпында еске сақтап, жүрген қалалары мен азат еткен деревнялары туралы тебірене әңгімеледі. Асаубай Сүлейменов ақсақал жау бомбасынан бүкіл ротадан жалғыз тірі қалып, госпитальға бір күн жүріп жаяу жеткенін, соғыс кезінде мүгедек атанып, теміржол батальонында қызмет атқарып, Берлинге дейін жеткенін әңгімелесе, Игенбек Құрбанов Сталинград шайқасы туралы сыр шертті.

Қазыналы қариялардың елге айтар батасы да тілегі де біреу-бейбіт күн мен ашық аспан, елдің, ұрпақтың амандығы. Бата-тілекке байып, сұм соғыстың куәгерлерімен тілдесіп қайтқан аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы: Ардагерлер- бүгінгі бейбіт заманның батырлары, жас ұрпаққа бұл ерлікті дәріптеу –бізге парыз, соғыстың әр құрбаны ешқашан да ұмытылмайды. Жас ұрпақ тәрбиесінде Сіздердің өнегелі өмірлеріңіз бен еңбектеріңіз үлкен өнеге,- деп қарияларға алғысын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.