Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

0 10

Жамбыл  облысы әкімінің өкімімен Әсет Қалиев Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қалиев Әсет Әскербекұлы 1974 жылы туған.

1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-хирург» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын  1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпиталдық хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы ретінде бастаған. Әр жылдары Ақтөбе  мемлекеттік медицина  академиясының аспиранты және Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасының хирург дәрігері, бәлім меңгерушісі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті болып еңбек еткен.

2008-2014 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (бас хирургы), бөлім  басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2014 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалған.

2020 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесшісі лауазымында қызмет атқарып келді. Медицина ғылымдарының докторы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.