Жамбыл облысында биылғы оқу жылын 238 мыңнан астам оқушы аяқтады. Олардың 11 мыңнан астамы — 11 сынып түлектері болса, 20 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары. Оның ішінде 518 түлек «Алтын белгіге» және 508 түлек үздік аттестатқа үмітке, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Оқу жылы дәстүрлі түрде — 25 мамырда аяқталды. Жамбыл облысында соңғы қоңырау 1-8 және 10 сынып оқушыларына онлайн форматта. Ал, 9, 11 сынып оқушыларына дәстүрлі форматта салтанатты линейка ұйымдастырылды.
Соңғы қоңырау мектеп аумағында ашық алаңда санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Мектеп бітірушінің ата-анасы мен заңды өкілінің тек біреуі, бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес арақашықтықты сақтау арқылы қатысты.
2020-2021 жж оқу жылында Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан 107 оқушы жеңімпаз атанды.
TIMSS халықаралық зерттеуінің қортындысы бойынша 4, 8 сынып оқушылары республика бойынша жоғарғы көрсеткішпен І орынды иеленді.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне облыстан 79 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Облыс құрамасы 12-рет «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды.
Өңірдің 8 мектебі «100 үздік мектептің» қатарына енді.
Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» атағын иеленді.