15 қыркүйектен бастап Тараз қаласындағы бірқатар автобус бағыттары сағат 22:00-ге дейін жүретін болады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Ержан Жылқыбаев тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып, тасымалдаушы мекемелермен осындай келісімге келді.
Енді № 55, 46, 28, 40, 32, 12, 29, 38, 16, 27 автобус бағыттары ұзартылған жұмыс кестесімен, яғни сағат 22.00-ге дейін қатынайтын болады.
Айта кету керек, бүгінде №8 автобус бағыты сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда қаладағы өзге де автобус бағыттарының қозғалыс кестелері қайта қаралып, қосымша автобустар қосу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы Таразда 34 автобус бағыты бойынша 280-ге жуық автобус күнделікті халыққа қызмет көрсетуде.