«Жасыл Ел – Тараз» ЖШС жаңа техникалармен қамтылды

0 18

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен  «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-не жаңа техникаларды беру рәсімі өтті.

Аталған серіктестік тарапынан қаладағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, саябақтар мен скверлерді, гүл бақтарын, жаяу жүргінші жолдарын күтіп ұстау, қыс мезгілінде қардан тазалау, мұз қатпау үшін жолдарға құм, тұз себу және тал егу жұмыстары атқарылады. Осы жұмыстарды үздіксіз, уақытылы әрі  сапалы орындау мақсатында Тараз қаласының әкімдігі тарапынан «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» 065 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, сомасы 470 132,0 мың теңге болатын, 7 бірлік арнайы техника сатып алынды.

Жаңа техникалардың қатарында қалалық жолдарды күтіп ұстау және жүк тасымалдау үшін, жыл бойы пайдалануға арналған 5 бірлік аралас жол машинасы, 1 бірлік  қалдықтарды механикаландырылған тиеуге арналған бүйірлік тиегіші бар қоқыс тасушы машина және КАМАЗ-65115 шассиіндегі  кран-манипулятор бар.

Аймақ басшысы серіктестікке тағы да жаңа техникалар алу бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтіп, алайда, мекеме тарапынан қаладағы тазалық жұмыстары барынша сапалы орындалу керектігін баса айтты.

Айта кетейік, «Жасыл Ел-Тараз» — тәжірибесі мол кәсіпорын ретінде қаланы  аббатандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан 100 пайыз мемлекеттік үлесі бар серіктестік.

Қазіргі таңда аталған серіктестікте жалпы саны 791 адам қызмет атқаруда. Олардың қатарында штаттық және қоғамдық жұмысшылар бар. Серіктестіктің қалада тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған 268 алаңшасы орнатылған. Осы алаңшаларда «Жасыл Ел-Тараз» мекемесінің 77 техникасы қызмет көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.