Облыстық кәсіподақ төрағасы тараздықтарға үндеу жариялады

0 26

«Жамбыл облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, журналист Мейрамбек Төлепберген елдегі коронавирус жағдайына қатысты қазақстандықтарға үндеу жариялады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«Қымбатты ағайын! Қымбатты бауырлар! Бұл індет ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Биылғы жыл адамзат баласы үшін оңай соқпайтын түрі бар. Оны өздеріңіз де көріп, сезіп отырсыздар. Жер жүзі аты жаман індетпен алысып күресуде. Бұл тұрғыда қандай қиындықтар болып жатқаны, қандай ауыртпалық түсіп жатқаны халыққа, мемлекетке, бәрімізге де белгілі», — деді бірлестік төрағасы.

Мейрамбек Төлепберген ел басына күн туған шақта қандай қағиданы ұстану қажеттілігі туралы айтты.

«Қазақ елі өзінің сан ғасырлық тарихында талай ауыртпалықты, зұлматты көрген. Солардың барлығын амалдап, қауымдасып, иықтасып жеңіп, нәубәттен аман шыққан. Біз солардың ұрпағымыз. Қазіргі жағдайда бізге ең керегі не екеніне де көз жеткізіп отырмыз. Ия, төтенше жағдай мен карантин жарияланды. Оның нәтижесі де көрінді. Алайда, одан кейін біз біршама нәрсені ескермей кеткеніміз рас. Әсіресе, сақтық шараларын естен шығарып алдық», — деген аға журналист қоғам талқылауында талай пікір айтылып, талап қойылып жатқанын еске салды.

Мейрамбек Төлепберген адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнген қазіргі жағдайда ет жақындарымыз бен өзіміз үшін сақтық шараларын барынша сақтауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.