Қай жерде жұмыс істесе де, Қазақстан жастарына қолдау көрсету керек – Мемлекет басшысы

0 4

Қазақстанда халықаралық деңгейдегі өнімдерді жасауға қабілетті талантты адамдар аз емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында ҚР Президенті 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау үшін бейінді университеттер өңірлік жоғарғы оқу орындарын қамқорлығына алғанын атап өтті.

Грант арқылы оқыту кеңейіп, 12 жеке меншік IT-мектеп ашылғанына тоқталды.

«Жуырда Нью-Йоркке жасаған сапарым аясында «Digital Nomads» IT-қауымдастығындағы жас отандастарымызбен кездестім. Олар АҚШ, Еуропаның ірі компанияларында жұмыс істейді және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда Қазақстанда да халықаралық деңгейдегі өнімдерді жасауға қабілетті талантты адамдар аз емес. Сондықтан Үкіметке келесі міндеттер қойылады: бір жағынан, жастар қай жерде жұмыс істесе де, оларға қолдау көрсету керек, ал екінші жағынан, оларды еліміздегі цифрландыру ісіне барынша араластыру қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.