Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

0 2

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Түркияның тау шаңғы курортындағы өрттен қаза тапқандар саны 76-ға жетті.

Еске салайық, Түркияның Болудағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы өртке байланысты ауыр қайғыны бастан кешуде. Өрт құрбандарының көп болуына байланысты 22 қаңтар елде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бүгін ҚР СІМ Түркияның шаңғы курортындағы өрттен қазақстандықтар зардап шекпегені жөнінде  ақпарат берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.