Тараз қаласында 25 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

0 13

Тараз қаласында  биыл 80 және 60 пәтерлі 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында  шаһар басшысы Қайрат Досаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі таңда «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда 10 мың 300 отбасына арналған 280 көпқабатты үйден тұратын 15-ші мөлтек ауданының құрылысы жүргізілуде. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Жеке тұрғын үйлер құрылысын жүргізу бойынша Сүлейменов көшесінің соңынан бөлінген 555 жер теліміне  жеке инвесторлар несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылысын жүргізбек. Оның 255-ін соғу үшін қазір  4 мердігер келісімшартқа тұрды.

Айта кетейік, бүгінде қала бойынша  16054 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.