Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы — 25,7%, балаларға қатысты қылмыстар — 29,1%, ал суицид — 3 есеге көбейді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлсіз профилактиканың екінші себебі — ювеналдық полиция кадрларының тәжірибесіздігі. 202 қызметкердің 60%-ның ғана бір жылдық жұмыс өтілі бар, тек 114-і ғана жоғары заңгерлік білім алған.
Үшінші себеп — жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың өзгермеуі.
Сондықтан, Үйлестіру кеңесінің отырысында аталмыш үрдісті жақсарту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Біріншіден, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау және әлеуметтік оңалту жұмысын күшейту. Екіншіден, мектеп психологтары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмыс форматын қайта қарау.
Сондай-ақ, мектеп психологтары мен инспекторларының жұмысы үшін мектептердің оқу жоспарына жеке уақытты енгізіп, есепте тұрған балалар жеке топтарға бөлінеді.