Тұрар Рысқұлов ауданында дәрігерлік амбулатория халық игілігіне берілді

0 9

Бүгін Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде ашылып, халық игілігіне берілді.  Бұл ашылып жатқан нысандар ҚР-ның Тәуелсіздігі күні мен Жамбыл облысының 80 жылдығына тамаша тарту болды, -деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған ауыл тұрғындарын аудан әкімі Ерболат Садырқұлов құттықтап, жаңа нысанның лентасын қиды. Жалпы Тұрар Рысқұлов ауданында барлық дәрігерлік амбулаториялар, медпункттер компьютерлендірілген. Аурухана  мамандары «Даму МЕД» медициналық ақпарат жүйесіне қосылып, тұрғындардың  электронды  төл  құжаттарын енгізуде.

Ауданға қарасты Тереңөзек, Ақбұлақ, Қайыңды дәрігерлік амбулаторияның жылу көзі газға ауыстырылды. Сонымен қатар ауруханаға 169 млн  теңгеге медициналық құрал- жабдықтар алынып, жарақтандыру көрсеткіші 91,82 пайыз болды.

Айта кетейік, Тұрар Рысқұлов ауданында барлығы 6 – фельдшерлік амбулаториялық пункт, 13 – дәрігерлік амбулатория, 13- медициналық пункт, 1- аудандық емхана, 1- ауылдық емхана, 1 — аудандық аурухана жұмыс атқарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.