«Наурызға жоспарладық». Жанар Дұғалова үйлеу тойының қашан өтетінін айтты

0 17

Танымал әнші Жанар Дұғалова жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісіп, болашақ күйеуі туралы ашық айтты деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі Тимур Балымбетовтің бағдарламасына сілтеме жасап.

Бағдарлама жүргізушісі өнер иесінің өмірінде жақсы жаңалықтар барын ұзын құлақтан естігені жасырмады. “Қалыңдық атанғаның рас па?” деген сұраққа Жанар: “Иә, рас. Тұрмысқа шыққалы жатырмын. Біз таныспай тұрып Мәскеуде бірге оқыған екенбіз. Тура мағынасында бір жолмен жүріп, тіпті бір азық-түлік дүкеніне барыппыз. Сөйтіп жүріп кездеспеппіз. Біз Қазақстанда таныстық. Болашақ күйеуімнің өнерге қатысы жоқ, бірақ музыкадан хабары бар. Үйлену тойды наурыз айына жоспарлап отырмыз”, – дейді әнші.

Жанар кітабын жазып, аяқтағанын айтып қалды.

“Мен әркез өлең жазамын. Әсіресе, пандемия кезінде білек сыбана кірісіп, көп өлең жаздым. Кітабымды жазып, аяқтадым. Мүмкін алдағы уақытта жарыққа шығарармын. Пандемия кезінде болашақ күйеуіме арнау жазып, өзімнің Instagram-дағы парақшамда жариялаған болатынмын”, – деп ағынан жарылды ол.

Әнші бағдарлама жүргізушісінің сұрауымен сезімге толы өлеңін оқып берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.