Мәди Рымбаев: «Ағамнан бөлек, екі әпкем бар»

0 10

Әлеуметтік желіде танымал әнші Роза Рымбаеваның ұлы Мәди Рымбаевтың отбасы жайлы сыр шерткен бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас әншінің айтуынша, отбасында ағасы Әли Оқаповтан басқа екі үлкен әпкесі бар.

“Ағам екеуімізден бөлек, екі әпкем бар. Белгілі бір жағдайларға байланысты олардың ата-анасы ерте дүниеден өтті. Сол себепті анам қыздарды өз қамқорлығына алды. Оларға білім берді, өзі ұзатты. Бала кезімнен анам мен үшін еңбекқорлықтың, адамгершіліктің, өз кәсібіне деген махаббат пен батылдықтың ерен үлгісі. Қолымнан ештеңе келмей, әлденеге шамам келмей жатқанда анамды есіме аламын. Себебі, екі ер баланы тәрбиелеу, одан бөлек екі қызды қамқорлыққа алу, мансабыңды қоса алып жүріп, жұмыс істеу – өте қиын және кез келген адамның қолынан келе бермейді”, –дейді Мәди.

Өнерпаз гастрольдік сапармен өткен балалық шағын еске алды.

“Ағам екеуіміз гастрольде, жолда, концерттерде жүріп өстік. Туғаннан сахна сырты, студия дегеннің не екенін білеміз. Анамның айтуынша, ол өнер көрсетіп жүріп үзіліс кезінде мені емізіп кететін. Анамның есімін жариялап, сахнаға шақырған кезде мені күзетшіге ұстатып, өнер көрсетуге кетіп қалатын көрінеді”, – деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.