Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қаратау қаласы, Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболдан Талас ауданы әкімінің кубогы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырылуымен өткізілген турнирдің ережесіне сәйкес, әр команда құрамында 40 жастан асқан 4 ардагер, 50 жастан асқан 2 ардагер болуы міндетті.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы жарысқа қатысушы аудандар мен ауданымыздағы ауылдық округтерден келген ардагерлерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, турнирде демеушілік еткен кәсіпкер Еркебаев Ербол Жалғасұлы ардагерлерге сәттілік тілеп, ойын барысында жарақаттан сақтануын айтты.
Әкім кубогына 10 команда қатысты. Олар:
— Тараз қаласының құрама командасы;
— Сарысу ауданының құрама командасы;
— Байзақ ауданының құрама командасы;
— Т.Рысқұлов ауданының құрама командасы;
— Жамбыл ауданының құрама командасы;
— Қаратау қаласының; құрама командасы;
— Тамды ауылдық округінің құрама командасы;
— Аққұм ауылдық округінің құрама командасы;
— Берікқара ауылдық округінің құрама командасы;
— Көктал ауылдық округінің құрама командасы.
Тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша: Үздік шабуылшы номинациясы — Байзалиев Нұрлыхан,Ойын ұйымдастырушы номинациясы — Тыныбеков Аян;
Үздік қорғаушы — Қонақбаев Бауыржан
1-орын Аққұм ауылдық округінің құрама командасы;
2-орын Сарысу ауданының құрама командасы;
3-орын Қаратау қаласының құрама командасы;
Сонымен қатар Талас ауданы әкімінің “Алғыс хатымен” турнирдің бас демеушісі, кәсіпкер — Еркебаев Ербол Жалғасұлына берілді.