Қазақстандық Алан Құрманғалиев Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Отандасымыз 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста екінші орынды иеленді.
Жарыс барысында Алан болгариялық Стефан Димитровты (3:0), Люксембургтан барған Маэль Ван Дессельді (3:0), тайбэйлік Тай По-Чунды (3:2), румыниялық Драгоша Бужорды (3:0) жеңді. Сондай-ақ ол словакиялық Михаил Ловгудан (3:2), швед спортшысы Исаак Альфредссоннан (3:0) және корейлік Ли Чон Моктан (3:0) басым түсті. Ал, финалда венгриялық Балаж Лэйге 0:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Алан осы турнирде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола медаль алған еді.