Дене шынықтыру және спорт бөлімі «Жұлдыз» аула және балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубының ұйымдастыруымен Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасында өткізілетін командалық ұлттық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынының турнирі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жарыстың мақсаты Елбасының Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, ұлттық «тоғызқұмалақ» ойынын «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынына өзгертіп топтық ойынды енгізу арқылы осы ұлттық ойын түрін жалпы халықтық, бұқаралық спорт түріне айналдырып, бір мезеттегі ойнаушылар санын көбейту.
Алаңдағы тоғызқұмалақ тақтадағы тоғызқұмалақ ойынының инновациялық түрі. Ұлғайтылған тоғызқұмалақ ұлттық ойынының ерекшелігі – ойын топтық түрде өрбиді.Алаңдағы тоғызқұмалақ ойыны, тақтада ойналатын тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелерімен ойналады.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл сайысқаАхмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиядан, Лицей , Александр Пушкин атындағы орта мектебінен, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебінен «Жастар» , «Қырын» , «Қызыл от» командалары қатысып, бақ сынады.
Жарыс жеңімпаздарын Талас ауданы әкімдігіінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Рысбек Шыңғыс марапаттады. «Жастар» командасы І орынды, «Қыран» ІІ орынды иеленсе, «Қызыл от» ІІІ орынды місе тұтты.
Осы орайда «Жастар жылына» орай Талас аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Жұлдыз» аула және балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, тұрмысы төмен отбасы мен көпбалалы отбасыдан шыққан 25 оқушыны Жамбыл облысы Тараз қаласының маңайындағы тарихи – мәдени ескерткіштермен таныстыру мақсатында киелі орындарға экскурсияға апарды.
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып, барып – келуі мен тамақтануына өз үлестерін қосқан Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Ерік Мамадияров мен «Шолақтау» кенбайыту өндірісінің басшысы Құдиярбек Омаров Кеңесбекұлының ұйымдастыруымен шықты.
«Жұлдыз» аула және балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубының үйірме жетекшілері мен 25 оқушы, Көне Тараз кешені – Қарахан мешіті – Қазақ хандығы ескерткіші – Айша бибі мавзолейі – Тараз Әулие бұлағы – Қаратау қаласын аралады.
«Ұлбике» ақын атындағы мәдениет орталығының ескерткіштерді қорғау жөніндегі инспекторы Әбсадықов Мұхтар Сәулембайұлы мемлекет қорғауындағы ескерткіштердің тарихын түсіндіріп өтті.
Оқушылар туған өлкенің тарихы туралы толық мағлұматпен сусындап қайтты.