Ішек саулығын құртатын сіз ойламаған 5 әдет

0 24

Ішектер жағдайына тек асқорыту процесі емес, адамның сырт келбеті мен иммунитеті байланысты. Бұл органның жақсы жұмыс істеуіне қалай көмектесуге болады? Doctorpiter.ru порталына эндокринолог Алексей Жито жауап берді.

Ғалымдар мен дәрігерлер ішектерді ең мықты орган деп санайды. Себебі тамақтан пайдалы заттарды сіңірумен қатар ол иммунды жүйеге жауап береді. Ағзадағы барлық иммунокомпетентті жасушалардың шамамен 80%-ы ішектердің шырышты қабығында орналасқан.

Егер асқазан-ішек жолында бірдеңе дұрыс болмаса, созылмалы аурулар асқынып кетеді, хал-жағдай нашарлайды және теріге бөртпе шығуы мүмкін.

«Ішектер жұмысындағы кез келген ауытқулар денсаулыққа қатысты қауіпті проблемаларға әкелуі мүмкін, сондықтан оларды елемеуге болмайды. Бұл орган бір рет жаңылысуы мүмкін, мысалы, артық тамақтанғанда немесе бұзылған тамақ жегенде. Егер іштің ауыруы, іш өту, іш қату, іш кебу секілді белгілер бірнеше күн бойы мазаласа, онда міндетті түрде гастроэнтерологқа қаралу керек», — дейді Алексей Жито.

Кей біз ойламаған әдеттер ішектер саулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Оларға мыналар жатады:

1. Күнде таңертең аш қарынға кофе ішу;
2. Ұнды тамақты көп жеу;
3. Тамақты дұрыс шайнамай жұту;
4. Тамақтан соң үнемі газдалған сусын немесе тәтті сусын ішу;
5. Көп мөлшерде алкоголь ішу.

Асқазан-ішек жолы жұмысы жақсы жұмыс істеу үшін не істеу керек?

Асқазаныңыз ауырмас үшін және іш кебу, ішу өту секілді басқа да асзан-ішек жолы проблемаларымен қиналмас үшін кей қарапайым ережелерді сақтау керек.

— Дүкенде өнімдердің жарамдылық мерзімін тексеруді ұмытпаңыз;
— Тамақты тоңазытқышта ұзақ сақтамауға тырысыңыз. Егер тамақтан жағымсыз иіс шығып тұрса, оны жемеңіз. Жалпы, тамақты тауысып ішетіндей етіп пісірген дұрыс. Жаңа піскен тамақтар әдетте жақсырақ қорытылады;
— Жемістер мен көкөністердің сыртын жақсылап жуыңыз;
— Тамақ пісіру ережелерін сақтаңыз: өнімдерді шала пісірмеңіз;
— Егер антибиотик ішіп жүрсеңіз, дәрігер кеңесін алып, пробиотик ішіңіз;
— Артық тамақтанбаңыз. Аз-аздан, бірақ жиі тамақтаныңыз;
— Ұйықтар алдында тамақ ішпеңіз. Ұйықтарға 2-3 сағат қалғанда тамақтанып алсаңыз, жақсырақ ұйықтайтын боласыз;
— Қарапайым гигиена ережелерін сақтаңыз. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қолыңызды сабындап жуыңыз.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.