Жамбыл ауданында күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді

0
54

Жамбыл ауданында күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған 1300 азамат, 44 техника қатысып, 63 тонна қоқыс шығарылды, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жамбыл ауданының келбетіне өң беру, санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін оңтайландыру мақсатында күзгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Аудан әкімдігіндегі бірқатар бөлім мен жергілікті ауылдық округтің қызметкерлері бастаған топ Аса-Тараз бағытындағы тас жолдан бастап, өздеріне тиесілі орындарға тазалық жұмыстарын үйлестірді.

— Тазалық жұмыстарына 1300 азамат 44 техника қатысып, 63 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, күл-қоқыстар, шөп-шалаңдар шығарылды. Аудан тұрғындарының біркісідей атсалысқанын да айта кеткен жөн. Бүгінде талай тірлік тиянақталды. Ауыл ішіндегі арық-атыздар ретке келтіріліп, әлеуметтік нысандардың айналасы тазартылды. Келесі сенбілікке талдарды әктеуді жоспарлап отырмыз, – дейді Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбеков. 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here