Саудакентте спорт сарайы ашылады

0
5

Саламатты өмір салтына орай Саудакентте спорт сарайы да бой көтермекші, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Елді-мекендердің еңсесін көтеруге елімізде атқарылып жатқан игі тірліктер жетерлік. Соның бірі-«Ауыл ел бесігі». Аталмыш жоба бойынша бір ғана Сарысу ауданына 1 милиардқа жуық қаржы бөлінсе, соның аясында 22 ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр.

Сарысу ауданындағы ең ірі елді-мекеннің бірі — Саудакент. Ажары жылдан жылға ашылып келе жатқан ауылда биылдың өзінде айтарлықтай ауқымды тірліктер жүзеге асты. Атап айтқанда «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 332 милион теңгеге негізгі 22 көшенің 18-не жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, ауылдағы «Ақбота» кешенді балабақшасына 229 милион теңге қарастырылса, қазір мұнда да қызған жұмыс. Толық күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысан енді берер күнде пайдануға берілмекші.

Бұған қоса, Жаңаталап орта мектебі де жаңаланды. 80 милион теңгеге білім ошағының ішкі және сыртқы жұмыстармен қоса, жылу жүйелері де толық ауыстырылып, замануи үлгідегі пластикалық есік терезелер де орнатылған.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы да атқаралып жатқан жұмыстар ауқымды. Сарысу аудандық орталық ауруханасы дәл осы жоба аясында күрделі жөндеуден өтіп отыр. Жалпы бұл жоба бойынша денсаулық сақтау және білім саласындағы нысандардың құрлысына 825 милион теңге бөлінсе, оған 3 емхана мен 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here