Жамбыл облысында Бірыңғай Ұлттық азаматтарды қабылдау күні ұйымдастырылды

0 3

Қала әкімінің ғимаратында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында жалпыреспубликалық шара — Бірыңғай Ұлттық азаматтарды қабылдау күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қала әкімі Қайрат Досаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көпшілікті толғандырған мәселелердің тиімді жолдарын қарастырды. Қала әкімінің қабылдауына жазылған тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, өз пікірлерін жеткізді.

Жалпы, қазіргі кезде бірқатар қала жұртшылығын тұрғын үй мен жер телімдерін беру, ауыз су, әлеуметтік мәселелері толғандырады. Қайрат Әскербекұлы бұл мәселердің тиімді жолдарын қарастырып,оңтайландырылған жүйе бойынша шешімін табуды сала басшыларына тапсырды.

Азаматтардың барлық өтініш –тілектері ескерусіз қалмайтынын, әр сұрақтың шешімі туралы бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.