Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде «Коронавирус» пандемиясына қарсы бағытталған іс-шаралар өтуде

0 0

Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде «Коронавирус»  пандемиясына қарсы бағытталған іс-шаралар өтуде,    — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында Тараз қаласында автобус бағыттарына күнделікті шығуға тиіс 409 автобустан 359 автобус жұмысқа шықты. Бұл ретте оқу орындарының жабылуы, халық көп жиналатын нысандар жұмысының тоқтатылуы, сауда орындарының жұмысының шектелуі және көптеген мекемелерде қызметкерлердің еңбек демалысына жіберілуіне орай қоғамдық көліктерде жолаушылар ағымы күрт төмендеп кетуінен тасымалдаушылар шығынын ақтай алмай кесте сандарын толық жаппауда.

Жұмысқа шыққан автобустардың барлығы  рейске шығар алдында арнайы қоспалармен дезинфекцияланған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 Қаулысының 1.4)-тармағына сәйкес, қоғамдық көліктердің ішін әр рейс сайын дезинфекциялық қоспалармен жуып-сүрту үшін жүргізушілерге арнайы дезинфекциялық қоспа, мақта, қолғап және т.б. таратылып отырады. Бүгінгі күнде аталған іс-шаралар қолға алынып, тұрақты жүргізілуде. Күнделікті бақылау жұмыстары Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 22-ө өкімімен құрылған арнайы жұмыс тобымен жүргізілуде.

Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің тұғын жай-коммуналдық, шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша «Халықтың Денсаулық орталығы» ЖШС-мен (12 маман) ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап қала аумағындағы 513 автобус аялдамаларын вирусқа қарсы дезинфекциялау жұмыстары жасалды. Бүгінгі күнде аталған аялдамаларды қайта дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымша 3 мекемемен («Радиологиялық бақылау орталығы» ЖШС (8 маман), Ұлттық сараптама орталығы (15 маман), «Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы» РМК(10 маман)) келісім-шарт жасалуда. Жұмыстың жалпы құны 12 млн. теңгені құрайды. Аталған жұмыстарға 45 маман жұмылдыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.