Шу ауданында салынып жатқан кәсіпорын тәулігіне 8 тонна қант өндіруге қауқарлы

0
40

Жамбыл облысы Шу ауданында салынып жатқан жаңа  тәулігіне 8 мың тонна қант өндіретін болады. Бұл өңірдің экономикасы мен салық түсімінің артуына себеп болса, екіншіден балтамыр егушілердің өнімін өңдеуге көмек болмақшы. 2021 жылы пайдалануға берілетін зауыттың өкілдері бүгінгі күні аудандарды аралап, шаруалармен кездесу ұйымдастыруда , — деп хабарлайды “ZhambylNews”   ақпараттық агенттігі.

Бүгінде қажетті шикізат мәселесін оңтайлы шешу үшін өздері де тәтті түбір егумен айналысып жүрген «Қызылша» серіктестігі зауытты іске қосқанда егілетін тәтті түбір көлемін 2-3 есеге көбейтуді жоспарлап та қойған. Дегенмен, бұл қант өндіретін кәсіпорынды шикізатпен толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан аймақтағы диханшылардың өсірген қант қызылшасы ауадай қажет.

Осыған байланысты «Қызылша» серіктестігінің өкілдері Байзақ ауданындағы қызылша өсіретін шаруашылықтармен кездесіп, жиын өткізді. Кездесу барысында олар шаруаларды зауыт іске қосылғаннан кейін бірлесе жұмыс істеуге шақырып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Мәселен, серіктестік бірге жұмыс жасаймын деген шаруашылықтарды техникалармен, тұқымдармен, тіпті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Одан бөлек, зауытқа өткізілген қант қызылшасының қаржысы уақытында төленетіндігіне кепілдік беруде.

Ұсыныстарға орай «Әулие ата» қант қызылшашылар ассоциациясының төрағасы Саха Манатов өз тарапынан қолдау білдіретінін және шаруаларға бірігіп жұмыс істеу арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болатынын атап өтті.
Одан кейін, сөз алған ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл болғандықтан, ауыл шаруашылығында ерекше орын алатынын, сондықтан мемлекет тарапынан қолдау әрқашан жалғасатынын тілге тиек етті.

— Жалпы мемлекет тарапынан су үнемдеу технологияларын ендірген шаруашылықтарға инвестициялық субсидия қарастырылған. Бүгінгі күні әр гектарға төленетін субсидияның көлемі 175 мың теңгеден 400 мың теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар, алғашқы жарнаны қаржы институттарына немесе лизингтік компанияның арнайы шоттарына алдын-ала аударып беруге болады, — деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Елібайұлы.

Кездесу соңында «Қызылша» серіктестігінің өкілдері мен байзақтық шаруалар алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасау бойынша әзірленген арнайы меморандумға қол қойды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here