Жамбыл облысында 900 мыңнан астам тұрғын медициналық сақтандырудан өткен

0 1

Бүгінде Жамбыл облысында жалпы 900 мыңнан астам тұрғын медициналық сақтандырудан өткен. Бұл туралы бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Мавлюда Боқаева айтты. Сондай-ақ, спикер сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері туралы тоқталып өтті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

— Сақтандыру жүйесіндегі басты мәселенің бірі – тұрғындарды сақтандыру статусымен қамтамасыз ету. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бүгінде облысымызда 1 млн. 139 мың тұрғынның 912 453-і яғни, 79,8% ғана сақтандырылған. Сақтандырылмағандардың 34 090-ы – тұрақты төлем жүргізбеген азаматтар. Кейінгі айларда әртүрлі себептермен олардың атына сақтандыру төлемдерін аудару тоқтатылған, — деді М. Боқаева.

Еліміз бойынша медициналық сақтандыру қорына биылғы жылдың 6 айында 190,4 млрд. теңгеге жуық қаржы түскен. Ал жүйе енгізілгелі бері 689,2 млрд. теңге жинақталған. Ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысынан 6,5 млрд. теңгеден астам жарна аударылды. Жүйе енгізілгелі бері жалпы Жамбыл облысынан 22,5 млрд. теңге аударылған.

Осы жылдың алты айында медициналық сақтандыру қоры тегін көмек пакеті шеңберінде көрсетілген медкөмекке 35,3 млрд. теңге жұмсады. Оның ішінде, 1,5 млрд. теңге жедел жәрдем және санитарлық авиация қызметіне, 11,3 млрд. теңге – бастапқы медициналық-санитарлық көмекке, 4,1 млрд. теңге – стационарлық көмекке, 3,6 млрд. теңге – әлеуметтік маңызы бар ауруларға көмек (туберкулез, онкология), 811 млн. теңге – консультативтік-диагностикалық көмекке, 896 млн. теңге – амбулаторлық гемодиализ қызметіне төленген.

Қормен эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмылдырылған медицина ұйымдары қызметкерлеріне қаржылай қолдау жасалған. Жамбыл облысы бойынша 19 945 адамға 6,4 млрд. теңге төленіпті.

Айталық, 1-тәуекел тобына — 4,7 млрд теңге (7 581 адам).
2-топқа – 1,1 млрд теңге (6 550 адам).
3-топқа – 626 млн теңге (5 814 адам)

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында COVID-19 науқастанған пациенттерді емдеу қызметтері үшін 5 млрд. 441 млн. теңге қаражат жұмсалған. Оның ішінде амбулаториялық емхана деңгейіндегі ПТР қызметтері үшін — 486 млн.теңге. Аурухана деңгейіндегі ПТР қызметтері үшін – 75,8 млн.теңге. Мобильді бригадалардың қызметтері үшін төлем — 78,5 млн.теңге. COVID-19 ауырған пациенттерді емдеу үшін — 4 миллиард 710 миллион теңге. Карантиндік қызметтер үшін — 91 млн.теңге төлем жүргізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.