Бала сабап, желіні шулатқан мұғалім белгілі болды (видео)

0 6

Алматы облысындағы мектептердің бірінде төзімі таусылған балалар үш жылдан бері көрген қорлықтарын жайып салды.

Ақыры күйзеліп, әбден шыдамы таусылғанда әр күн бастарына әңгіртаяқ ойнатқан ұстазының теріс қылығын видеоға түсіріп, қоғамның назарын өздеріне бұру үшін оны әдейі желіге салғандарын айтады, — деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Əлеуметтік желіні шулатқан оқиға Боралдай елдімекеніндегі №17 орта мектепте болған. Қазақ тілінің мұғалімі сабаққа жарты сағат кешігіп келген. Балалар соны телефонға түсірмек болғанында арты қып-қызыл төбелеске ұласқан. Бойын ыза кернеген педагог бір оқушының қолын сөмкенің бауымен бұрап, екі партаның ортасына қысып, қорқытады. Ата-аналарды да ашындырып отырған осы қылығы.

Оқытушыны қойып, директордың сөзін құлақ аспаған ұстаздың үсітінен қазір бір топ ата-ана арыз жазып қойған. Істің ақ-қарасын, мұғалімнің тағдырын құзырлы орган өкілдері шешетін болады. Бірақ ата-аналар оқытушыны жұмыстан қумай тынбаймыз дейді. Ал, 8 «ә» сыныптың оқушылары дәл осы ұстаз қазақ тілінен сабақ берсе, сабаққа қатыспаймыз деп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.