Карантин ұзартылса, Құрбан айт қалай өтеді?

0 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы карантин жағдайында Құрбан айтты атап өту тәртібін түсіндірді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың айтуынша, екі апталық карантин шаралары ұзартылса, мешіттерде айт намазы оқылмайды.

— Естеріңізде болса, өткен Ораза айт кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы нақты шаралар қабылдап, Ораза айт намазы оқылмаған. Осы жолы карантин созылатын болса, өкінішке қарай, біз айт намазын мешіттерде оқи алмаймыз, — деді Е.Оңғаров.

Алайда Құрбан айттың тағы бір ерекшелігі – құрбандық шалу. Наиб мүфтидің сөзіне қарағанда, құрбандық малын қашықтан да шалуға болады.

— Тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Біз осыған жағдай жасауға тырысамыз. Әрине, ол жерде әкімдіктің тарапынан да реттеу жұмыстары болады. Ал құрбандық шалудың уақытына келетін болсақ, биыл 31-не болжанып отыр. Сол күні таңнан үш күн бойы күн батқанға дейін шалуға болады, — деп атап көрсетті мүфти.

Осы орайда наиб мүфти құрбандық шалу тек жағдайы бар адамға ғана міндет екенін еске салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.