Білім саласы мамандарымен кездесу өтті

0
7

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау бойынша құрылған облыстық ақпараттық топ 2021 жылдың 11 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұжымымен кездесті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы қатысып, Жолдауда айтылған басым бағыттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат туралы баяндап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жоспардың негізгі бағыттары туралы кеңінен түсіндіріп, кездесуге қатысушылар тарапынан ұсыныстар болса https://www.adal.com.kz/ сайтына жолдау қеректігін айтты. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here