Талас ауданында 213 спорт нысаны бар

0
13

Талас ауданында 213 спорт нысаны бар. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 16 мың 534 адам шұғылданады, аудан тұрғындарының 29,9 пайызын құрады. 2018 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 0,7 пайызға өскен, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

2019 жылы аудандық бюджеттен Қаратау қаласындағы бокстан және спорт ойындары түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің стадионын ағымдағы жөндеу жұмыстарына                   6 млн. 496 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақкөл ауылындағы спорт алаңшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 млн. 230 мың теңге бөлініп, келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Бөлтірік шешен ауылындағы спорт алаңшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млн. 500 мың теңге бөлініп, конкурстық комиссияның қарауында.

Сонымен қатар, аудандық аймақтық «Жол картасы» әзірленіп 6 спорт нысандарының құрылысы белгіленді. Олардың құрылысы толығымен демеушілер есебінен қаржыландырылады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here